Павлодарлық филармония Париждің әуендерін тағы бір мәрте орындайды

Павлодарлық филармония Париждің әуендерін тағы бір мәрте орындайды
Фото: Есенжол Исабек

Концерттік бағдарлама алғаш рет былтырғы жылдың 20 желтоқсанында көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясы «Париждегі Жаңа жыл» музыкалық концертін қайталауға дайындалып жатыр. Концерттік бағдарлама 2024 жылдың 20 желтоқсанында көрерменге ұсынылды. Сол кезде зал толық болғандықтан, барлық адамдар француздық әндерді тыңдай алмады. Тыңдаушылардың сұрауы бойынша ең ірі концерттік-гастрольдік ұйымының әкімшілігі концертті қайта өткізу туралы шешімді қабылдады. Ол 24 қаңтар күні кешкі сағат 19:00-де ұйымдастырылады.


Жоба режиссері Әлия Нұрымбетованың айтуынша, «Париждегі Жаңа жыл» павлодарлықтарды аты аңызға айналған француз эстрадасының әлеміне, Париж қаласына виртуалды саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада классикаға айналған «Les Parapluiesde Cherbourg», «Etsitun`existaispas», «Salut», «Unehistoired'amour», хиты 90-ых «Je t aime», «Mademoisellechanteleblues», «Tues Foutu» композициялары, сондай-ақ жаңа толқын орындаушылары – Zaz, Florina, Indila, Stromae, Amir әндері орындалады.


Айта кетейік, осы ауқымды мерекелік қойылымға дайындық алты ай бұрын басталған еді. Француз ретро мен заманауи хиттері, сондай-ақ, музыкалық шоудағы хореографиялық композицияларды филармонияның шығармашылық ұжымдары мен жетекші солистері орындайды.

Концерт билеттері филармония кассасында және Ticketon.kz сайтында алуға болады.