Павлодарлықтарды аты белгілі суретшімен арт-кездесуге шақырады

Павлодарлықтарды аты белгілі суретшімен арт-кездесуге шақырады
Фото: pexels.com

Оның жұмыстарын әлемнің түкпір-түкпіріндегі жеке жинақтарында тамашалуға болады , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының орталық қалалық кітапханасында 24 қараша күні сағат 14:00-де суретші Виктор Поликарповтың 85 жылдығына арналған «Искусство вне времени» атты арт-кездесу өтеді.  

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Виктор Поликарпов Павлодарда дүниеге келген. 1971 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсті. Көркемдік жобалаудың оқу-эксперименттік студиясын бітіргеннен кейін ол Павлодарға оралып, көркемөнер-өндірістік шеберханаларда жұмыс істей бастады.

Виктор Поликарповтың жұмыстары көп қырлы деп атауға болады: графика, сәндік-қолданбалы өнер, пластик, ағаш ою, металл соғу және макраме әдістерін қолданған. Суретшінің жұмысы әлі күнге дейін қоғамдық ғимараттар мен кәсіптік мектептерді безендіреді. Суретшінің туындылары Австралия, Австрия, Германия, Канада, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония елдеріндегі жеке жинақтарында сақтаулы. 

Виктор Поликарпов «Құрмет белгісі»  орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 2010 жылы ақын Павел Васильев атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды.

Арт-кездесуде қонақтар Виктор Поликарповтың шығармашылығымен танысып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы көбірек біле алады.