Павлодар облысында орман резерватының мамандары марапатқа ие болды

Павлодар облысында орман резерватының мамандары марапатқа ие болды
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Марапаттау рәсімі Алматы қаласының «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік туризм күніне орай ведомстволық комиссия шешімімен «Ертіс орманы» МОТР РМ мекемесінің эко ағарту маманы Ермек Рахметов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық «Туристік қызмет саласындағы үлесі үшін» наградасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Дәмеш Абаилдинова және Дариға Омарова Қазақстанның «Орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің Құрмет грамоталарымен көп жылғы еңбегі мен жоғары кәсібилігі және Қазақстанның орман шаруашылығы саласындағы экоағарту ісіне қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

– Туризм бөлімінің маманы Ермек Рахметов нысанға жауапты. Туристік маршрут құрылған күннен бастап жұмыс істейді. Тарихты жақсы біледі және әр тыңдаушыны таң қалдырады.  Құран оқиды, – дейді резерватта. 

Дариға Омарова 1987 жылы 13 қарашада дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы 6 қарашада «Ертіс орманы» резерваты Шалдай филиалында безендіруші-суретші болып бастаған. Павлодар инновация колледжін «құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Резерватта 14 жыл жылдан астам еңбек етіп келеді.  Жұмыс істеген уақытында өзін жауапты, атқарушы қызметкер ретінде көрсете білген.

Дәмеш Абаилдинова «Ертіс орманы» резерватында 2015 жылы желтоқсан айынан бастап мектеп орманшылығының шебері болып бастаған.  2017 жылы экоағарту бойынша маман болып ауыстырылған. Жұмыс кезінде өзін жауапты әрі еңбекқор маман ретінде көрсете білген.