Павлодарда адамдар тобы оқушыны ұрып-соқты
14 жастағы баланың екі қабырғасы сынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
24 шілдеде кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Бұл төбелесте 14 жастағы жасөспірім бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар көшелерінің бірінде бір апта бұрын кешкі сағат 20:30-да жасөспірімге көмек керек деген шақырту келіп түсті.
– Жедел жәрдем 10 минутта жетті. Жасөспірім екі қабырғаның жабық сынуы, бас пен арқасына жарақаттар алған. Зардап шеккен 14 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын, – деді станцияда.
Павлодар облысының полиция департаменті бұл жағдайды зерттеп жатыр.
– Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді департаменті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы орташа аурлықтағы деңгейде деп хабарлайды.
– Оған жабық бас сүйек-ми зақымы деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, беті, басы, арқасы, кеудесі жарақатттанған, – деді басқармада.
Бүгінде ол балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізілуде.