11 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.
Облыс бойынша температура түнде +7...+12 жылы болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +16...+21°C, облыстың батысында, солтүстігінде + 11°C көрсетеді.
Павлодарда түнде +9...+ 11, күндіз + 16...+ 18°C жылы болады. Айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.