Ақсу ауруханасында жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектер үшін ұзын-сонар кезек пайда болды

Ақсу ауруханасында жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектер үшін ұзын-сонар кезек пайда болды

Әлеуметтік желіде Ақсу қаласының ауруханасында жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмек  үшін кезекте тұрған тұрғындар түсірілген видео тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қалалық ауруханасы емханасының әкімшілігі «СК Фармация» компаниясы өткен аптада жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектерді жеткізгенін хабарлады. Оларды БМАЖ АДҚ (біріктірілген медициналық ақпарат жүйесі, амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету) ақпараттық жүйесіндегі деректер базасына енгізгеннен кейін емхана әкімшілігімен Ақсу қаласы және ауылдық округінің тұрғындарына беру кестесі бекітілген. 

Дәріхана жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін. Кезекті азайту үшін жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің арасынан осы уақытқа қосымша үш адам  мен компьютерлер бөлінді. Бекітілген кесте бойынша тұрғындарға Whatsapp, әлеуметтік желілер арқылы және рецепт бойынша  хабар беріледі. Мүгедектер, төсекке таңылған науқастар үшін әлеуметтік қызметкерлер бейсенбі күні,  ауыл тұрғындары жұма күні  алады. Бірақ бекітілген жарияланған кестеге қарамастан, тұрғындар өз кестелерінен тыс келеді. Осылайша үлкен кезек пен дүрлігу тудырады. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда,  – дейді басқармада.

Дәрі-дәрмекті қабылдау кестесі: №1 отбасылық денсаулық орталығы – дүйсенбі күні, № 2 отбасылық денсаулық орталығы – сейсенбі, № 3 отбасылық денсаулық орталығы  – сәрсенбі. 

Фото: Константин Шелков