14 миллион теңге: Жемқорлық жайлы хабарлаған павлодарлықтар сыйақы алады

14 миллион теңге: Жемқорлық жайлы хабарлаған павлодарлықтар сыйақы алады
Фото: Константин Шелков

Ол үшін 40-100 АЕК көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Амралинов мәлім етті. 

– Жемқорлық жайлы ақпаратты хабарлағаны үшін 40-100 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Нақтырақ айтқанда, жемқорлық байқалған қылмыстық істі хабарлағандарға – 40 АЕК, отрташа дәрежедегі қылмысты хабарлғаны үшін – 50 АЕК, ауыр дәрежедегі қылмысты хабарлағаны үшін – 70 АЕК, аса ірі дәрежедегі қылмысты хабарлағаны үшін  100 АЕК қаражат төленеді, – дейді Медет Амралинов. 

Спикердің айтуынша, жемқорлық байқалған әкімшілік қылмыстық іс жайлы хабарлағандарға – 30 АЕК төленеді. Егер жемқорлықпен жымқырылған қаражаттың сомасы 1000 АЕК-тен асса, аталмыш соманың 10 пайызы хабарлаушыға сыйақы ретінде беріледі. Алайда бұл қызмет үшін 4000 АЕК-тен артық сома ала алмайды. Нақтырақ айтқанда, бұл сома 13 800 000 құрайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін департамент басшысы ең көп жемқорлық фактілері анықталған мекеме бұл – ТҮКШ екенін атап өткен болатын. Статистика бойынша осы сала бойынша ең ірі әрі ең көп заңсыз келісімшарт жасалған. ТҮКШ бөлімінде заңсыз 11 келісімшарт жасалып, 3,3 миллиард теңге жымқырылған.