Павлодар облысының қай саласында жемқорлық көп?
Жыл басынан бері 28 жемқорлық істері әшкереленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Медет Амралинов мәлім етті.
– Ең көп жемқорлық фактілері анықталған мекеме бұл –ТҮКШ. Статистика бойынша осы сала бойынша ең ірі, әрі ең көп заңсыз келісімшарт жасалады. ТҮКШ бөлімінде заңсыз 11 келісімшарт жасалып, 3,3 миллиард теңге жымқырылды, – дейді Медет Амралинов.
Айта кету керек, былтырғы жылы ТҮКШ мекемесінің қызметкерлері 2,6 миллиард теңгеге пара алған болатын.
Сонымен қатар, құрылыс бөлімі бір келісім-шарт арқылы 4 миллиард теңгені жымқырған.
Еске сала кетейік, 15 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров ұсталды.