Успендіктер экоакцияға қатысты
Бұл шараға 30-дан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауылында көпсалалы спорттық балалар ойын алаңы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Ауылым – алтын бесігім» экоакциясы өтті.
– Акцияның мақсаты – облыс жастары мен тұрғындарының, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, аумақты көгалдандыру және демалыс орындарын күтудегі белсенділікті арттыру. «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдап, туған жерге деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу, – дейді ұйымдастырушылар.
Аталмыш акция барысында ата-аналар мен балалар ойын алаңын тазалады. Шараға жастар, балалар, ата-аналар арасынан 30-дан астам тұрғын қатысты.