Павлодарда 109 операторлары тұрғындарға ренжулі
Байланыс орталығында өңір жұртшылығын сабырлық танытуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Өкінішке орай, азаматтар тарапынан 109 қызметінің менеджерлеріне балағат сөздер айтылатын сәттер жиі болады. Тұрғындардан өзара сыйластық пен сабырлық танытуды өтінеміз, – дейді операторлар.
Сондай-ақ орталықта ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 434-бабына сәйкес балағат сөздер ұсақ бұзақылық деп танылатынын және айыппұл салуға немесе әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатынын еске салды.
Айта кетейік, 109 қызметі – тұрғындар білім, әлеуметтік, коммуналдық және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алып, өтініштерін қалдыра алатын орталық.
109 нөміріне қоңырау шалу тегін.
WhatsApp + 7 747 7 901 109;
Instagram - @109.pavlodar;
Telegram bot - pavlodar109;
Электронды пошта - contact@pavlodar109.kz;
KOMEK 109 мобильді қосымшасы.
Орталыққа Павлодар облысының барлық қалаларының, аудандарының және ең алыс ауылдық округтерінің тұрғындары хабарласа алады.