18 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

18 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +17...+22°C, күндіз +22...+37°C болады. Жаңбыр, найзағай күтіледі. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +18..+20, күндіз +23..+25 көрсетеді.