Павлодар облысында орман қоры аумағында бақылау күшейтілді

Павлодар облысында орман қоры аумағында бақылау күшейтілді
Фото: Константин Шелков

Рейд барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 20-22 желтоқсан аралығында Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары, «Охотзоопром ӨБ» мекемесінің инспекторлары және Шарбақты ауданының табиғатты қорғау полициясы бірлесіп, мемлекеттік орман қоры аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Аталмыш рейд орманды заңсыз кесу, аң аулау және табиғатқа зиян келтіретін басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған. 

– Іс-шара барысында мемлекеттік орман қоры аумағында бақылау күшейтіліп, бірнеше аймақ тексеруден өтті. Рейд барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмеген. Бұл табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсетеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Осындай рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл – тек заң бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру.  

Ұйымдастырушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпауды еске салды.