Май ауданында бақылаусыз жайылған жылқылар суармалы алқапты ластады

Май ауданында бақылаусыз жайылған жылқылар суармалы алқапты ластады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылқылардың  иесі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары тұрғындарға үй жануарларына белгі мен таңба қоюдың маңыздылығын, мал басында төлқұжат болу  керектігін ескертеді.

– ЖШС иелерінің бірі Май ауданы полициясына хабарласып, бақылаусыз жайылған жылқы табыны суармалы учаске аумағын ластап, зақымдағанын хабарлады. Учаскелік полиция инспекторы жылқылардың иесін анықтады. Баскөл ауылының 48 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  – деді департаментте.

Басқа жағдайда Атамекен-Курчатов автожолында сағат 07.00-де иесіз жайылып жүрген сегіз бас жылқы байқалды. Жылқы иесі де анықталып, жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары түнгі уақытта аумақты қорғауға, чиптер немесе таңба орнатуға ерекше назар аударуы  керек. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін түнгі уақытта шағылыстыратын таспаларды орнату ұсынылады.