20 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +2...+7°C, ал оңтүстігінде +10°C болады. Жаңбыр аралас қар жауады.
Күндіз ауа температурасы +2...+7°C аралығында болады. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +10°C-қа дейін жетіп, кейін төмендейді. Солтүстік пен шығыста қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +5...+7°C болады. Аспанды бұлт торлап, қар аралас жаңбыр жауады.
Күндіз ауа температурасы +5...+7°C аралығында болып, кейін төмендейді. Күндіз де қар аралас жаңбыр жауады.