Екібастұзда есірткіге қарсы акция өтті
Telegram мессенджерінде және «Көлеңкелі батыр» чат-ботын қалай пайдалану керектігі туралы жадынамалар жапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласында «Егер сен есірткіге қарсы болсаң, сигнал бер!» кең ауқымды акциясы барысында қала тұрғындары есірткі мен психотроптық заттарды тарату және пайдалануға нақты «жоқ!» деп жауап берді. Акцияның бастамашылары Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері балалар есірткіден бас тартуға және салауатты өмір бастауға шақырып, қаланың орталық бөлігінде плакаттар көрсетті. Бірауыздылық жағдайында автокөлік жүргізушілері клаксонның дыбыстарымен жауап берді.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шара қаланың ішкі саясат бөлімінің, Үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылған.
Аталмыш акция жұртшылықты есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға және оларды медициналық емес тұтынудың алдын алуға қатысуға тартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, есірткі саудасына және нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимылдың халықаралық және отандық тәжірибесі осы саладағы жұмыстың барынша тиімділігіне құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы белсенді өзара іс-қимыл арқылы қол жеткізілетінін айғақтайды.
Полиция департаменті қала тұрғындарын психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілері, оларды медициналық емес тұтыну туралы, сондай-ақ тыйым салынған заттарды дайындауды, тұтынуды және таратуды насихаттайтын сайттар туралы ақпарат болса шетте қалмауын сұрайды.
Айта кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің бастамасымен «Тәуелсіз Біз!» акциясы 2024 жылғы 01-30 сәуір аралығында өтеді.