Асайын Байханов қытайлық инвесторларды аймақтың инвестициялық саясатымен таныстырды

Асайын Байханов қытайлық инвесторларды аймақтың инвестициялық саясатымен таныстырды
Фото: Валерий Бугаев

Олар инвестициялық жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов қытайлық «East Hope Group» компаниясының басшылығымен кездесіп, облыста бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын талқылады.

Асайын Байханов әлеуетті инвесторларды облыста бизнес жүргізудің артықшылықтарымен, сондай-ақ, өңірдің инвестициялық саясатымен таныстырды. «East Hope Group» бас директоры Мэн Чжанцзюн аймақтағы инвестициялық жоспарлары туралы айтты. Бұл компания әлемдегі ең ірі электролиттік алюминий және алюминий тотығын өндірушілердің ондығына кіреді, – дейді баспасөз орталығында.

Қытай компаниясы бірлескен перспективалық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.