2025 жылы Екібастұз ауруханасында күрделі жөндеу жүргізіледі
Кеншілер қаласының тұрғыны палаталардың жағдайына шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Instagram желісіндегі «ekibas_v_teme» парақшасында қалалық аурухананың балалар бөлімшесіндегі жағдайға қатысты шағым жарияланды. Әйел адамның ауруханадағы матрацтар мен тағамға көңілі толмаған.
Қалалық аурухананың баспасөз қызметі матрацтарды бес жылда бір рет жаңарту қажеттілігін түсіндірді.
– Матрацтар дезинфекциялық камерада өңделіп, жоғары температураның әсерінен өңі кетеді. Келесі жылы қаржыландыруға сәйкес барлық жұмсақ жабдықтарды ауыстыруды жоспарлап отырмыз, – деді ауруханада.
Ауруханада соңғы күрделі жөндеу 2017 жылы болған. Пандемия кезінде жиі залалсыздандыру жасалғандықтан, қабырғаларының жағдайы көңіл көніштпейді. 2023 жылы кабинеттер мен дәліздер тек жартылай жөнделді. Ал күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.
Қалалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастар аутсорсингтік келісім бойынша тамақтанады. Астың құрамы мен калориясын уәкілетті орган бекітеді. Күн сайын медбикелер тамақтанудың ішкі бақылауын жүргізеді.