Павлодарда анемиясы бар 67 жастағы әйел өлім аузынан қалды

Павлодарда анемиясы бар 67 жастағы әйел өлім аузынан қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жедел жәрдем дәрігерлері әйелге реанимация жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше,  жедел жәрдем пультіне шұғыл қоңырау 28 мамыр күні сағат 16:17-де түскен. Диспетчер бірінші шұғыл санат бойынша қоңырау шалып, дереу фельдшерлік бригаданы жіберген. 

– 7 минуттан кейін келген 103 қызметінің қызметкерлері шұғыл көмек көрсетуге кірісті. Ауыр анемиямен ауыратын әйелдің клиникалық өлім жағдайына түскені анықталды. Оны құтқару үшін дәрігерлер реанимациялық әдіспен дефибриллятор қолданды, –  деді станцияда. 

Жағдайы тұрақтанған кезде науқас облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

Айта кетерлігі, жыл басынан бері жедел жәрдем қызметкерлері 8 жағдайда сәтті реанимация жүргізді. 103 өңірлік станциясында медициналық персоналды тұрақты оқытудың нәтижесінде әрбір жедел жәрдем қызметкері реанимациялық  әдістерді кәсіби түрде өткізе алады.