Павлодарлықтар өтінішті көбіне «e-Otinish» арқылы жолдап келеді

Павлодарлықтар өтінішті көбіне «e-Otinish» арқылы жолдап келеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Былтырғымен салыстырғанда өтініш беру 20 пайызға артқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Тұрғындарды денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары және ТҮКШ мәселелері – елді мекендерді абаттандыру мен автомобиль жолдарының жай-күйі көбірек толғандырады.  

– Халық үшін өзекті болып қала беретін осы мәселелер түсетін өтініштердің басым бөлігін құрайды, – деді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Қуандық Жұмалин.  

Ішкі істер органдарына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және аудит органдарына жеті мыңнан астам өтініш түскен, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына, әлеуметтік қорғау және еңбек саласына төрт мыңнан астам өтініш түскен.  

Айта кетелік,  қаңтар айынан бері облыс ведомстволарына 88 790 өтініш түскен – бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ал қалалар арасында ең көп өтініш облыс орталығының тұрғындарынан түссе, Ертіс, Железин, Шарбақты аудандары мен Тереңкөл тұрғындары да шағымдарын белсенді жіберіп келеді. Өңір тұрғындары мұның бәрі үшін «e-Otinish» сервисін жиі таңдайды.