27 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Дауыл тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +9...+14, күндіз +21...+26, облыстың оңтүстік-батысында +16 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +11..+13, күндіз +22...+24 градус көрсетеді.