Баянауылға 40 жыл: Павлодарда мерейтойлық көрме ашылады

Баянауылға 40 жыл: Павлодарда мерейтойлық көрме ашылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрмеде парк тарихы, табиғаты мен мәдени мұрасы туралы фотосуреттер, құжаттар мен экспонаттар қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

12 тамыз күні сағат 11:00-де облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде (Астана көшесі, 149) «Баянауыл қазынасы: Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 40 жыл» атты көрменің ашылуы өтеді.

– Көрмеде Қазақстанның ең көркем аймақтарының бірі саналатын Баянауыл өңірінің табиғи және мәдени мұрасын сақтау жөніндегі материалдар ұсынылады. Экспозицияға парк тарихынан сыр шертетін құжаттар, айрықша табиғатын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттар қойылады. Сонымен қатар, келушілер Баянауылдың бай флорасы мен фаунасына қатысты мағлұматтармен таныса алады. Көрме табиғат жанашырларымен қатар, Қазақстан тарихына, экология тақырыбына және аймақтың тұрақты дамуына қызығушылық танытатын жандар үшін де қызықты болмақ, – деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1985 жылы құрылған. Содан бері ол өңірдегі экологиялық тұрақтылықтың және табиғатты қорғау ісінің нышанына айналды.