28 маусым күні Павлодарда QANAY өнер көрсетеді

28 маусым күні Павлодарда QANAY өнер көрсетеді
Фото: QANAY инстаграм парақшасынан

Концерт жетіген ансамблінің мерейтойына арналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында «Үлгілі» жетігендердің «Қорлан» ансамблі мерейтойын атап өтеді. Концерт 28 маусым күні сағат 19:00-де шырқалады.

Қаланың бас сахнасында шығармашылық топтармен бірге шақырылған қонақ – қазақ эстрадасының жұлдызы QANAY өнер көрсететін болады.