Павлодарда «Бремен музыканттары» мюзиклі қайтадан қойылады

Павлодарда «Бремен музыканттары» мюзиклі қайтадан қойылады
Фото: @lad_ensemble

Желтоқсанда алғаш жоспарланған мюзикл техникалық себептерге байланысты кейінге шегерілген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында 12 қаңтарда режиссер Инесса Ковалевскаяның аттас мультфильмі негізінде қойылған «Бремен музыканттары» мюзиклі көрермендердің сұрауы бойынша қайтадан қойылады. Мюзикл сағат 19:00-де филармонияның концерттік залында басталады. 

Айта кетейік, «Бременские музыканты» мюзиклі 29 желтоқсанда  өтуі керек болған. Алайда техникалық себептерге байланысты кейінге ауыстырылды.