Павлодарда аңызға айналған фильмдердің саундтректері орындалады
Концерт жаңа жылдық мерекенің атмосферасын ұзартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
16 қаңтар 19:00-де Иса Байзақов атындағы облыстық филармония көрермендерді «THE SOUNDTRACKS WE LOVE» атты жаңа жылдық концертке шақырады. Бұл кеште сіз тамаша музыкадан ләззат алып, жүрекке жылы ностальгия әлеміне енесіз.
Концерт бағдарламасында бірнеше ұрпақтың сүйікті туындыларына айналған аңызға айналған фильмдердің вокалдық хиттері орындалады: «Красотка», «9 жарым апта», «Елес», «Крминальное чтиво», «Ұлы Гэтсби», «Титаник», «Агент 007», «1+1» және басқа да кинотуындылар.
Филармония солистері, джаз оркестрі, «Нұр» және «Шернияз» хореографиялық ұжымдары, камералық хор, «RETRO», «SAMIYAN», «TABRIZ» вокалдық топтары көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлайды.
Сахнада жанды музыка, заманауи жарық, бірегей қойылымдар мен жарқын бейнеинсталляциялар болады.
Билеттер филармония кассасында және TICKETON.KZ онлайн-сервисінде сатылады.