Баянауылда Қуандық Рахым мен KeshYou өнер көрсетеді
Танымал әншілердің концерті Сабындыкөл жағалауында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 шілдеде Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында «Баянауыл Fest» фестивалі ұйымдастырылады.
Музыкалық кеш сағат 19:00-де басталады. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары Қуандық Рахым мен KeshYou тобы өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестиваль табиғат аясында өтіп, өңір тұрғындары мен қонақтарына ерекше атмосфера сыйламақ.