Ақмолалық оркестр павлодарлықтарды концертке шақырады
15 маусым Үкілі Ыбырай атындағы үрмелі аспаптар ұжымы өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі 1982 жылы құрылды. Ұжымның алғашқы дирижері әрі негізін қалаушылардың бірі үрлемелі музыка жанрын жаңғыртқан және қаламызда үрлемелі аспаптар оркестрін құру туралы идея тастаған Виктор Яковлевич Фрик болды.
Музыканттардың репертуар таңдауға кәсіби талғам мен ұжымның әлеуетті мүмкіндіктерін негізге ала отыра, үлкен жауапкершілікпен келеді. Оркестр құрамында өнер көрсететін музыканттар отандық және шетелдік композиторлардың эстрадалық-джаз композицияларына ерекше шығармашылық қызығушылық танытып, игеріп, әрдайым репертуарын жаңартып отырады. Қазіргі таңда оркестрдің өзіндік ерекше қолтаңбасы мен стилі бар және әртүрлі бағыттар мен жанрларда жұмыс істеуге қабілеті.
Ұжым бірқатар джаз фестивальдерінің лауреаты. Атап айтсақ, «Весна 2004, 2005, 2006,2014» халықаралық джаз фестивалінің лауреаты, «Джаз-Бомонд» фестивалі 2007, 2010, 2015» халықаралық джаз фестивалінің лауреаты, 2011 жылы Ақтау қаласында өткен, 2016 жылы Павлодар қаласында өткен «Каспий-море дружбы» І сыйлығының лауреаты.
Оркестр 15 маусым күні Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында музыкалық кеш ұйымдастырады.
Көрермендердің назарына танымал джаз композиторларының туындылары, сондай-ақ фанк және рок музыкасы ұсынылады.