Павлодарлық театрда «Қара шекпен» қойылымы ерекше әсер сыйлады
Сан түрлі сұрақтарға жауап іздейтін қойылымды көрермендер жылы қабылдады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қойылым Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық музыка-драма театрында сахналанды.
«Қара шекпенде» жануарларды басты кейіпкер ете отырып, өмірде болып жатқан жайттарды көрсетеді. Автор Георгий Хугаев керемет шеберлікпен шығарманы жазған.
Жан-жануарлар әлемінің кәдімгі өмірін бейнелей отырып, адамзат баласының бұл өмірдегі орнын нақты аша түскен Георгий Хугаевтің философиялық терең дүниесін жастарымыз көрерменнің көз алдына алып шықты. Аянышты тағдырлар мен сұмдық айлакерліктің түпсіздігін, пәктіктің адам өмірімен қатар жүріп отыратындығын баян еткен қойылымның берген әсері де ерекше болды. Бұның барлығы өнерпаздардың асқан шеберлігі деп білеміз.
Адалдыққа үндейтін қойылым – жануарлардың бейнелері арқылы адамның шынайы бет пердесін ашып көрсетуге бағытталған.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Қара шекпеннен» бөлек тағы да бірнеше қойылымның дайындалып жатқандығы белгілі болды.