Ақсу ауылдық аймағында мәдени-сауық орталығы ашылды
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Евгеньевка ауылдық округіне қарасты Сольветка ауылында мәдени-сауық орталығының ғимараты қолданысқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, есеп беру кездесулері барысында ауыл тұрғындары демалыс үшін мәдени орталық ұйымдастыруды сұраған.
– Осы мақсатта ғимарат таңдап, ағымдағы жөндеуден өткіздік. Сольветка ауылында 225 тұрғын бар. Енді олар өз ауылдарында мерекелік және мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыра алады, – дейді әкімдікте.
Сонымен қатар, МСО ғимаратында халықты қабылдауға арналған дәрігер кабинеті бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram