Қазақстандық шахматшы әлемнің 3 дүркін чемпионы атанды
Спортшы небәрі 14 жаста, дейді @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Tengri Sport мәліметінше, Атыраулық шахматшы Зарина Нұрғалиева 5-11 маусым аралығында Батумиде өткен шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионатында жылдам шахматтан күміс және блицтен алтын медаль жеңіп алған.
Чемпионатқа 35 елден 426 шахматшы қатысты. Қазақстандық шахматшыны халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек Аманов пен облыстың аға жаттықтырушысы Сабырбай Ғайсин дайындаған.
Нұрғалиева осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды.