«Aktogai Milk» ЖШС қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетеді

«Aktogai Milk» ЖШС қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы оқиға салдарынан алты қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Компанияның бас директоры Александр Терентьев кәсіпорын аумағында болған жазатайым оқиғадан кейін қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтты. Сонымен қатар, кәсіпорын марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты құзырлы мемлекеттік органдар тергеу жүргізіп жатыр. Кәсіпорын тергеу амалдарына толық қолдау көрсетіп, оның қорытындысы бойынша қабылданатын барлық қажетті шараларды орындайтынын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтоғай ауданындағы кәсіпорындардың бірінде болған қайғылы оқиға салдарынан алты адамның қаза тапқаны белгілі болған еді. Тағы бір адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.