Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам көз жұмды
Ол қайықтан құлап кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген.
– Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға орын алған жерден алты километр жерде орналасқан жағадан тауып алған, – деді департаментте.
Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.