Екібастұзда автогаз бекетінде шыққан өрттен жасөспірім көз жұмды
17 жасар баланың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Екібастұзда автогаз бекетіндегі шыққан өрт 15:00-де ауыздықталды. Автогаз бекетінде тұрған төрт газ резервуары жанып кетті. Сондай-ақ, аумақта 40 газ баллоны болған.
– 15:22 шамасында цистернаның жанынан 17 жастағы бала табылды. Ол оқиға орнында мерт болған, оның жеке басы анықталуда, – деді департаметте.
Өрт көршілес тұрған «Феруза» дүкеніне жетіп, өрттің көлемі одан әрі ұлғайқан. Сондай-ақ, өрт салдарына станцияның маңында орналасқан 20 метрлік су мұнарасының шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер әлі де өртті сөндірумен айналысуда.