Павлодарда отыздан асқан ер азамат із-түссіз жоғалып кетті

Павлодарда отыздан асқан ер азамат із-түссіз жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол бір жарым ай байланысқа шықпаған, орналасқан жері белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер жасағы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы рет 1990 жылы туған Мақсат Дәуітпаевты 30 сәуір күні вокзал алаңында көрген. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз.

Мақсат Сайлауханұлының бойы 160-165 сантиметр, дене-бітімі жұқалтаң, көзі мен шашы қара, кеудесі мен білегінде тыртығы бар. Қара көк спорттық костюм, қара түсті қысқа күртеше, көгілдір футболка, ақ шәпке мен қара кроссовка киген, – деп сипаттады жақындары.

Еріктілер жоғалып кеткен азамат жайлы кез-келген ақпарат иелерін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды:

  • +7(747)615-55-63 – Катерина;
  • +7(777)334-82-01 – Светлана;
  • 102 – полиция қызметі.