Алдап кеткен: Павлодарлық келіншектер Аналар үйіне қалай тап болады?

Алдап кеткен: Павлодарлық келіншектер Аналар үйіне қалай тап болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жерде тұратын жандардың бір бөлігі – балалар үйінің түлектері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Аналар үйі» ҚҚ Павлодар облысы бойынша үйлестіруші Әсел Әбішеваның айтуынша, бүгінгі таңда Аналар үйінде өмірде қиын жағдайға тап болған 26 адам тұрады. Оның 11-і әйелдер, 15-і балалар. Бұл аналардың үшеуі – балалар үйінің түлектері, біреуі –  16 жасқа толмаған, бүгінде сәби күтіп отырған жас ана.   

– Аналар үйі ашылғаннан бері жетімдікті көрген 37 ана, төрт кәмелетке толмаған ана тұрды. Балалар үйінің түлектері өздерінің қатарластарына қарағанда ересек өмірге дайын болмайды. Себебі, олар үшін балалар үйінде шешім қабылдайтын. Сондықтан қиын жағдайда өздігінен шешім қабылдай алмай, жалған қарым-қатынастың құрбаны болады, – деп жазады маман Іnstagram парақшасында. 

Әсел Әбішева қыздар жақын адамдардан таба алмаған мейірім мен жылуды бөтен адамдардан іздеп, ер адамдардың сөзіне жылдам алданып қалатынын айтады. 

– Олар өз құқықтары мен міндеттерін толық білмейді. Баспана, бюджет мәселесін шеше алмайды. Мысалы, Сәлима есімді қызды жігіті алдап кеткен. Неке қиғаннан кейін бірге тұрған, алайда біраз уақыт өткеннен кейін жігіті басқа елге кетіп қалған. Құрбылары «оның адал болмағанын, болашақ сәбидің әкесі басқа адам екенін» айтты деген себеппен тастап кеткен. Кеше ол перзентханадан шықты, қыз баланы дүниеге әкелді, – дейді ол.  

Ал Карина есімді бойжеткенді ерлі-зайыптылар алдап кеткен. Оның кәмелеттік жасқа толғаннан кейін анасының пәтері мұрагерлікке қалатынын біліп алған. 

– Анасы ата-ана құқығынан айырылған. Қыздың сеніміне кіріп, бірнеше ай бірге тұрған. Пәтерді сатумен бірге айналысқан. Нәтижесінде ақшасын алып, баспанасыз қалдырған. Қазір ол екі айлық сәбиімен Аналар үйін паналап отыр.  Надя – отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны. Күйеуі мен енесінен қашып кеткен, енді қайтып оларға оралғысы келмейді, – дейді үйлестіруші. 

 

 Айта кетейік, биыл Аналар үйіне 10 жыл толды. Аналар үйі қоғамдық корының мақсаты – шарасыз күйге тап болған аналарға көмектесіп, жетімдер үйіне түсетін балалар санын азайту.