Алты ауданның фермерлері Павлодарға өз өнімдерін әкеледі
Сенбіде кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің хабарлауынша, 16 желтоқсанда Торговая көшесі, 2А құрылысында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Железин, Тереңкөл, Аққулы, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының, Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері қатысады. Олар ет, сүт, картоп пен көкөністер әкелетін болады. Тауық жұмыртқасымен «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары қамтамасыз етеді.
Ауылшаруашылық базарындағы бағалар:
Сиыр еті - 1700-2100 теңге / кг, қой еті-1900-2100 теңге/кг, жылқы еті-2300-2500 теңге/кг, шошқа еті-1600-1800 теңге/кг, шикі сүт-200 теңге/литр, картоп-90 теңге/кг, сәбіз-95 теңге / кг, пияз-90 теңге / кг, қырыққабат -110 теңге/кг және басқа да өнімдер.