Павлодар облысының тұрғындары Экология министріне сұрақ қоя алады

Павлодар облысының тұрғындары Экология министріне сұрақ қоя алады

Зүлфия Сүлейменованың  облыс жұртшылығымен кездесетін орны белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Бұл туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы хабарлады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың жергілікті тұрғындармен кездесуі Екібастұз қаласында М.Әуезов көшесі, 51/1 мекенжайы бойынша орналасқан Естай атындағы балалар музыка мектебінің мәжіліс залында өтеді. 

– Өңір тұрғындары экология, табиғи ресурстар бойынша сұрағын қойып, ойы мен ұсынысын білдіре алады. Өтініштер назардан тыс қалмайды, – дейді басқармада. 

13 шілдеде сағат 10.30-12.00 аралығында жеке қабылдау, ал сағат 14.00-16.00-ге дейін жұртшылықпен кездесу жоспарланған. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Павлодар облысы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн көрсетілім болады.

Қабылдауға жазылу үшін 8(708) 132 78 66, 8(777) 347 12 56, 8(7182) 65-10-50, 66-39-25 телефон арқылы хабарласуға болады.