Асайын Байханов тұрғындарды Ақсу қаласының мерейтойымен құттықтады

Асайын Байханов тұрғындарды Ақсу қаласының мерейтойымен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл Ақсу қаласына 65 жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы құттықтауында осы жылдар ішінде Ақсу еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналғанын атап өтті. Мұнда миллиондаған киловатт-сағат электр энергиясы өндіріліп, ферроқорытпа өнімдері шығарылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қалаға 1961 жылы мәртебе берілгеннен кейін оның қарқынды дамуына энергетика мен металлургия салалары негіз болды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қуатты өңірлер – елдің тұрақты дамуының негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгінде Ақсу осы қағиданы нақты істерімен дәлелдеп, экономикалық өсім мен инвестициялық белсенділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Соңғы жылдары қаланың дамуына жүздеген миллиард теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда, – деді облыс әкімі. 

Аймақ басшысы Ақсудың ең басты байлығы оның тұрғындары, олардың адал еңбектері мен жауапкершіліктерінің арқасында қала тұрақты дамып келетінін атап өтіп, баршаға зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.