Павлодар облысының әкімі соғыс ардагерін 100 жасқа толуымен құттықтады
Майдангердің құрметіне салтанатты шеру өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Курбатованың үйінің ауласында Павлодар әскери гарнизонының сарбаздары салтанатты шерумен өтіп, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Мерекені ардагермен бірге көптеген павлодарлықтар да тамашалады.
Мерген Мария Даниловна 138-ші атқыштар дивизиясының 18-ші армиясының құрамында соғысып, Батыс Украинада, Шығыс Еуропа елдерінде шайқастарға қатысты.
– 9 мамыр алдында ардагермен кездескеніміз есімде, біз оның ғасырлық мерейтойын кең көлемде атап өтуге келістік. Міне, Мария Даниловна 100 жасқа толды. Мен аты аңызға айналған барша жеңімпаздар мен жасаушылар қауымына құрмет білдіріп, тағзым етемін! Ардагерлердің ерлігі, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігі бәрімізге үлгі, – деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы ардагерге мықты денсаулық және жақын адамдардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөленуді тіледі.
Айта кету керек, Мария Курбатова Отан соғысы, Жуков ордендерімен, «Ерлік үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Павлодарға оралды.