Ашық терезеге сүйеніп отырған: Шарбақтыда жауапсыз ата-ана жазаланады
Полиция қызметкері үш баланың биіктен құлауына жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қырағылығы үшін шарбақтылық Башир Костоев Алғыс хатпен марапатталды.
– Шарбақты ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан үйдің үшінші қабатының терезесінде кішкентай балалар москит торына сүйеніп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті.Көрсетілген мекенжайға дереу қызметкерлер тобы жіберілді. Келгеннен кейін олар пәтерге кірді. Пәтерде үш қыз болды: біреуі 2012 жылы туған және 2022 жылы туған егіз балалар,– деді департаментте.
Анықталғандай, балалардың ата-анасы Павлодарға жол жүріп, кішкентай балаларын әжесіне тапсырып кеткен. Сол күні әжесі балаларды жалғыз қалдырып, қонаққа кеткен болатын. Кенже қыздар ойнаған сәтте ас үйдегі тұрған жиһазға өрмелеп, ашық тұрған терезеден сыртқа қараған.
Заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.