Атаулы шәкіртақы, жаңа мамандықтар: Екібастұз колледждерінің жоспары қандай?
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина кеншілер қаласының колледждеріне барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сапар барысында білім беру ұйымдарының әкімшілік командасымен бірге дамудың перспективалық бағыттары мен өңірдің қала құраушы кәсіпорындарымен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Екібастұз политехникалық колледжінде KazMineralsBozshakol бағыты бойынша «Супер колледж» жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайымен танысты. Биылғы жылдың қыркүйегіне дейін 400 млн теңге сомасына материалдық-техникалық базаны жабдықтау бойынша жабдықтың жеткізілуін аяқтау жоспарлануда.
Колледж қазір лицензия алу және «Пайдалы қазбаларды байыту», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Слесарлық іс» жаңа мамандықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізуде.
– Политехникалық колледж 2022 жылдан бастап «INNOVA TREE» ЖШС сенімгерлік басқаруға берілген. Білім ордасының даму векторын іске асыру «Білім және бизнес синергиясының» жарқын мысалы болып табылады. Колледж қала мен облыстың еңбек нарығының қажеттіліктері бойынша кадрлар даярлауды дамытуда және жалғастыруда, – деді Самал Айтқазина.
Бұдан бөлек, Қ. Пішенбаев атындағы колледжде тау-кен металлургия саласына кадрлар даярлауда Жаңа кәсіптер атласы мен ERG колледждер Альянсы жобалары іске асырылуда. «Еуразиялық топ» ЖШС-мен меморандум аясында дәнекерлеу цехы мен тігін шеберханасы жабдықталған. Еңбекті қорғау пәні бойынша оқу кабинетін жарақтандыру жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта робототехника кабинетінің жабдықтарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Колледж педагогтері жаңа мамандықтарға лицензия қосымшаларын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаңа оқу жылында «ПромМашКомплект» ЖШС сұранысы бойынша «Көпір кранының машинисі» біліктілігі және металлургия саласының мамандығы бойынша оқыту жоспарлануда.
– Колледждің әлеуметтік серіктесі «Богатырь-Көмір» өндіруші кәсіпорны 2025 жылы колледждің үздік 17 студентіне атаулы стипендия тағайындады, – деп атап өтті Самал Айтқазина.
2025-2026 оқу жылынан бастап 8-9-сынып оқушылары үшін Екібастұз қаласы №13, 33 мектептерінің базасында бейіндік сыныптардың ашылуы жоспарланған. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кадрлық әлеуетті арттыру және әлеуметтік әріптестермен жаңа бірлескен жобаларды енгізу, оның ішінде студенттерді тәжірибеге бағдарланған оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз өнімдерін коммерцияландыру бойынша бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді.
Басқарма басшысы Қ. Сәтбаев атындағы және ИнЕУ жоғары Екібастұз колледждерінде де болып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша олардың жобаларымен, жоспарларымен және идеяларымен танысты. Өңірлік Жұмысшы мамандықтар жылы жоспарының тармақтарын ескере отырып, колледждерді дамытудың перспективалық жоспарына ұсыныстар берді.