Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде 26 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен интимді байланысқа түсуге мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды. Ақсу қаласының білім беру бөлімі аталған фактіні растап, егжей-тегжейді баяндады.
– Жәбірленушінің анасының өтініші негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқаны белгілі болды, – деді білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚҚ-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.