Железин ауданында анасы мен баласы уланып қалды
Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Железин ауданының ауылдарының бірінде 2020 жылы туған бала мен анасы көміртегі тотығымен уланып қалған.
Жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан пештің қақпағы жабылып қалып, ауыл тұрғыны мен баласы көміртегі тотығымен уланған.
Төтеншеліктер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.