Аққулы ауданында жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

Аққулы ауданында жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қаңтар күні «Омбы – Майқапшағай» автожолында, Шарбақты ауылының маңында «Газель» маркалы автокөліктің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

– Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталуда, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.