Ақсуда панкратион жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алды
![Ақсуда панкратион жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алды](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67a9d7586de0c.jpg)
Балалар мен жасөспірімдер арасында панкратионнан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алдағы Қазақстан чемпионатына іріктеу болып табылатын ашық біріншілікті балалар-жасөспірімдер спорт мектебіұйымдастырды.
– Жарысқа өңірімізден жиналған 10-17 жас аралығындағы 130-ға жуық спортшы қатысты, – дейді жарыстың бас төрешісі Құрмет Кәкімов.
Салмаққа байланысты әр жаста бестен астам категория болды.
Ақсу қаласының спортшлары Матвей Москаленко 27 келі салмақ дәрежесінде, Александр Кислицин 30 келі салмақ дәрежесінде, Руслан Молдатьянов 34 келі салмақ дәрежесінде, Артур Муругов 42 келі салмақ дәрежесінде, Равиль Амиров 50 келі салмақ дәрежесінде, екібастұздық спортшылар Ильхан Аманжол 38 келі салмақ дәрежесінде, Жан Сұңқарбай 46 келі салмақ дәрежесінде, Қуанбай Кенесары +50 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және медальмен марапатталды.