Перинатология ғылыми орталығында бірегей операция жасалды

Бастапқы иммундық тапшылық диагнозы бар пациентке кесарь тілігі операциясы сәтті жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында 38 апта үш күн жүктілік мерзіміндегі, үш рет кесарь тілігі операциясымен босанған. Әйел адамға жедел лейкоз, ауыр дәрежедегі анемия (бастапқы гемоглобин 54 г/л, трансфузия 2 доза эритроцитарлық массасы – 77 г/л), қайталама трмбоцитопения (41 мың жасуша тромбоцит) диагноздары қойылған.
Хирургиялық араласу жалпы анестезиямен АРжҚТБ бөлімшесінің меңгерушісі Ерболат Әбдікереевтің жетекшілігімен жасалды. Операция жасаушы хирургтер босандыру блогы бөлімшесінің меңгерушісі Камиль Самитов пен акушер-гинеколог дәрігер Раушан Даутова, жауапты неонатолог балалар реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Тастеміров болды.
Қан кетудің жоғары қаупін және науқастың ауыр жағдайын ескере отырып, операция кезінде Cell Saver Elite автотрансфузиялық жүйесі қолданылды. Перфузиялық қолдауды анестезиолог-реаниматолог Евгений Воронин қамтамасыз етті.
Медициналық топтың үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігінің арқасында операция асқынусыз сәтті өтті. Дені сау сәби дүниеге келді: салмағы – 3010 гр, бойы 49 см. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, өздерін жақсы сезінеді.
Бұл оқиға дәрігерлердің топтық жұмысының, жанкештілігінің және заманауи медицина мүмкіндіктерінің үлгісі болды.