Ақсуда жер учаскесін жалға беруден негізсіз бас тартылған
Жыл басынан 1238 азаматтарының құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ведомство өз құзыреті шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау бөлігінде оларға мемлекеттік қызметтер сапасыз көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушылардың заңды мүдделерін қалпына келтіреді.
Биылғы жылдың басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша 44 азаматтық өтініштері қаралып, 15 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту фактілері анықталды. Ең жиі шағымданатын салалар - жер қатынастары, азаматтық жағдай актілерін тіркеу, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй қатынастары.
– Ақсу қаласы тұрғынының жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту туралы негізсіз бас тартуының заңдылығы расталды. Департаменттің ұсынысымен азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, негізсіз бас тартудың күші жойылды, – дейді мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы А. Молдагелдинова.
Бұдан басқа, департамент мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы байқаулар жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда тиісті ден қою шараларын қабылдайды.
Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 82 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 465-бабының 1, 2-тармақтары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды, 701 480 теңге өндірілді.