Павлодар облысында интернеттегі балаларды қорғау бойынша жоба аяқталды
Жобаны Касперский зертханасы және облыс әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасы жүзеге асырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстандағы Касперский зертханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пилоттық жоба әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды киберқорғауға бағытталған. Реттеушімен бірлескен бастама барысында жасөспірімдері құқық бұзушылық жасаған Павлодар облысының отбасыларына Kaspersky Safe Kids * тегін лицензиялары берілді. Бұл кез келген құрылғыға, соның ішінде смартфондар мен планшеттерге орнатуға болатын балалардың онлайн қауіпсіздігі үшін шешім болып табылады.
– Балалардың ата-аналары да Kaspersky Safe Kids шешімінің тиімділігі туралы оң пікірлерімен бөліскенін атап өткім келеді. Жоба нәтижелері бойынша олар қосымшаны стационарлық компьютерлерге де, балалардың мобильді құрылғыларына да орнату оңай болғанын хабарлады, – деді Қазақстандағы, Орталық Азия мен Моңғолиядағы Касперский зертханасының басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Оның айтуынша, жасөспірімдер арасында қажетсіз ресурстарға көшу жағдайлары айтарлықтай төмендеген, бұл аталған шешімнің жоғары қорғалуымен байланысты. Осындай бастамалардың көмегімен компанияның барлық аумақтарында, соның ішінде Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік пен киберсауаттылықты дамыту деңгейін арттыру көзделуде.
– Цифрлық технологиялар басқармасы кибергигиена мен балаларды желідегі дұрыс мінез-құлыққа, соның ішінде жеке ақпаратты қорғауға, ықтимал қауіптерді анықтауға және болдырмауға үйретудің маңыздылығын мойындайды және салауатты цифрлық қоғамды қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Біз қоғам үшін осындай маңызды жобада Касперский зертханасымен» ынтымақтастыққа қуаныштымыз, – деді Павлодар облысы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.
Қазіргі балалар өмірінің маңызды бөлігі гаджеттерде шоғырланған. Дегенмен, жас пайдаланушылар әрқашан олармен қалай қауіпсіз жұмыс істеу керектігін біле бермейді.
Касперский зертханасы сауалнамасы көрсеткендей, цифрлық мінез-құлық ережелері туралы білімнің болмауы отбасындағы атмосфераға әсер етуі мүмкін. Ата-аналардың үштен бірі (36%) баланың электронды құрылғыны қолдануы жанжалға алып келеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, көп жағдайда (66%) экран алдында тым ұзақ отыру себеп болған.
Жас пайдаланушылардың жартысынан көбі (56%) интернетте күніне 1-ден 4 сағатқа дейін уақытын, ал олардың төрттен бір бөлігі (23%) барлық бос уақыттарын өткізеді. Алайда, баланың интернетте қанша уақыт болғанына қарамастан, цифрлық ортаға қауіпсіз «енуін» қамтамасыз ету: цифрлық сауаттылық негіздерін үйрету, сонымен қатар техникалық қорғаныс құралдарымен – арнайы онлайн қауіпсіздік шешімдерімен сүйемелдеу маңызды.
Өскелең ұрпақ желіде тек пайдалы ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар кибер алаяқтардың әрекеттерімен, сондай-ақ зиянды контентпен де бетпе-бет келуі мүмкін екенін ескере отырып, Павлодар облысы білім басқармасының, «Отбасы және балалар. Павлодар» облыстық қоғамдық бірлестігі өкілдері және Павлодар облысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобы, Павлодар полициясының учаскелік инспекторлары жобаның нәтижелерін жоғары бағалады.
Айта кетерлігі, Касперский зертханасы – 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. Касперский зертханасы технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам қолданушылар мен 220 мың корпоративті клиенттерді қорғайды. Компания сонымен қатар KasperskyOS микроядролық операциялық жүйесіне негізделген және әдеткі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кибериммундық шешімдерді жасайды. Толығырақ мына сайтта берілген www.kaspersky.ru