Дәрігер, темір ұстасы, дизайнер: Павлодарда белсенді жастар марапатталды

Дәрігер, темір ұстасы, дизайнер: Павлодарда белсенді жастар марапатталды

Облыс орталығының қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін оларға Алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Жастар бастамаларын дамыту орталығында түрлі қызмет салаларындағы белсенді жастар өкілдерімен кездесу өтті. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсенбаева Жастар күні мерекесіне орай қала әкімі Ержан Иманзайыповтың атынан жан-жақты, дарынды он үш тұрғынға Алғыс хаттар  тапсырды.  

Кездесу еркін форматта өтті. Кез келген қатысушы өзінің жеке кәсібіндегі жетістігі және өмірі жайлы ақпараттармен бөлісті, – деп атап өтті Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінде.

Белсенді азаматтардың тізімдері Павлодар қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының ұсыныстары негізінде  құрылды.

Он үш жастың қатарында «KSP Steel» ЖШС механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі Марат Нұрмағанбетов, «TROYA» компаниясының дизайнері Әнел Абдрахманова, «Крендель» ЖШС даяшысы Дилара Жексембина, төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тұмайкенов, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы неврологиялық бөлімшесінің невропатолог-дәрігері Радмилла Долгилева бар.