Ақтоғай ауданының Жолболды ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

Ақтоғай ауданының Жолболды ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

Сайлау 2023 жылғы 13 тамызда өтті, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жолболды ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы жариялады. 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 460 азамат енгізілді, олардың 255-і (55,4%) дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «бәріне қарсы» жолында белгісі бар – 9.

Әр кандидат үшін берілгендер саны: Еламан Аралов – 164, Серік Қамаржанов – 1, Бекзат Рахимов – 77. Соңғы екеуі – өзін-өзі ұсынғандар. 

Жолболды ауылдық округінің әкімі болып Аралов Еламан Ертісұлы  сайланды. Ол 1978 жылы туған, Ақтоғай ауылында тұрады.

Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылған.