Павлодарда сотталған адам колонияға екі телефон кіргізбек болған

Павлодарда сотталған адам колонияға екі телефон кіргізбек болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айлакер оларды трикосына жасыруға тырысқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР ҚІЖК-нің 143-бабына сәйкес, сотталған адам мекемеден тыс жерде болған. Ол қаладан ең төменгі қауіпсіздіктегі № 44 мекемеге келе жатқанда екі смартфонды трикосына жасыру арқылы колония аумағына алып  кірмек болған. 

– Мекеме қызметкерлері ұялы телефондарды тасымалдау әрекетін уақтылы тоқтатты. Екі құрылғы да тәркіленді, ал сотталушыға қатысты тәртіптік сипаттағы материал толтырылды, – дейді облыстық ҚАЖД-де. 

Мекеме әкімшілігі қатаң қауіпсіздік шараларын және бас бостандығынан айыру орындарында ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды еске салады.